Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан WTA-250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың екінші айналымында Юлия бразилиялық Лаура Пегоссиді 4:6, 6:1, 6:2 есебімен жеңді.

Кездесу 2 сағат 16 минутқа созылды.

Ширек финалда Путинцева украиналық Леся Цуренкомен кездеседі. Кездесу ертең, 15 шілдеде өтеді.