Қазақстандық Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО) келесі жекпе-жегін түркиялық Умут Джамкиранға (18-0, 17 КО) қарсы өткізеді.

Еуропалық бокс одағы (EBU) қос боксшы арасында ұйымның ауыр салмақтағы бос чемпион титулы үшін жекпе-жекке санкция берді. Мәміле жасаудың соңғы мерзімі – 18 шілде, содан кейін жекпе-жек промоутерлік саудаға қойылады.

Айта кетейік, Жан Кособуцкий 18 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіп, 17 рет қарсыластарын нокаутқа түсірген.