Ержан Залилов (13-3-2, 7 КО) 23 шілдеде Екатеринбургте рингке шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxrec.com порталының мәліметінше, 23 шілдеде Екатеринбургте өтетін бокс кешіне екінші жеңіл салмақта бақ сынайтын боксшы Ержан Залилов өнер көрсетеді. Оның қарсыласы ресейлік Армен Атаев (6-4-1, 4 КО) болады. Кездесу сегіз раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Залилов кейінгі кездесуін былтыр желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өткізді. Онда отандасы Ескендір Харсанды (9-2, 6 КО) нокаутқа түсіріп, Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының чемпионы атағын жеңіп алды.