Қарағандылық «Шахтер» мен Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий Prosports.kz сайтына берген сұхбатында «Ақсуға» қарсы ойында алған жарақатынан кейінгі денсаулығы туралы айтып берді.

- Игорь, қалайсың?

- Рахмет, бәрі жақсы. Жазылдым. Бірақ бет ісіп тұр, бірақ бұл қалыпты жағдай деп ойлаймын (күлді). Мұз басып тұрамын.

- Дәрігер не дейді? Сізді футбол алаңында қашан көреміз?

– Компьютерлік томографияның нәтижесі бойынша жарықшақ бар деді, бірақ дәрігерлер ісіну басылғанда – ығысу жоқтығына көз жеткізу үшін қайтадан томографиядан өтуге кеңес берді. Мен үш апта алаңға шыға алмаймын деп ойлаймын. Екі апта бойы жаттыға алмаймын, содан кейін жеке жоспар бойынша жаттығуға кірісемін.

- Сау бол, Игорь! Сен бәрімізге керексің!

- Үлкен рахмет!