13 шілдеде баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы Индонезияның Джакарта қаласында 2022 жылы өтетін Азия кубогының топтық кезеңін бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Дала қасқырларының» алғашқы қарсыласы айбынды жапон командасы болады.

С тобында Иран мен Сирия да бар.Қазақстандықтар олармен 15 және 17 шілдеде ойнайды.

Жапония - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:30-да басталып, корт 1891.баскетбол сайтында қолжетімді болады (ақылы жазылымды сатып алу қажет)