Қостанайлық «Тобыл» кеше түнде Бедапештке жетті. Онда Чемпиондар лигасының қарымта матчы аясында жергілікті «Ференцварошпен» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі команда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық клуб Инстаграмда Венгрияға жеткен сәтінің видеосын жариялап, «Будапештке келдік» деп жазды.

Еске салайық, Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матч 14 шілдеге қараған түні Нұр-Сұлтан уақытымен 00:00-де басталады.