«Тараз» жартылай қорғаушысы Дінмұхамед Қараман «Тобылға» қарсы матч (6:1) туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Матч өте қызықты өтті деп ойлаймын. Жылдам шабуыл мен үйлесімді командалық жұмыстың арқасында алты гол соқтық. Әрине, өз алаңыңда гол соғудың эмоциясы әрқашан а өзгеше. Бұл мені одан да көп гол соғуға ынталандырады. Жанкүйерлер керемет қолдау білдірді. Сол үшін рақмет айтамын! Сенбі күні «Мақтааралға» қарсы ойында кездескенше!