Петропавлдық «Қызыл-Жардың» бас бапкері Әли Алиев командасының Қазақстан кубогы топтық кезеңінің 1-турындағы ақтаулық «Каспийге» қарсы матчын қорытындылады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақтау - өте қонақжай қала. Қазақстан кубогын ойындарын қабылдап жатқан басқа қалалар сияқты. Бұл қалаға тек жақсы стадион салу қажет. Жанкүйерлер, команда, премьер-лиганың деңгейіне сай. Ойынға келетін болсақ. Бүгін біз эксперименталды құрам шығардық. Алаңда көп уақыт өткізбейтін ойыншыларды тексеріп, Хорватияға дайындалу үшін жадымызда қалған қорғаныстағы ойынды есімізге түсіргіміз келді. Біз бұл команданың қауқарын білеміз, сондықтан қорғаныстағы шепті дайындап жатырмыз.

«Каспий» - жақсы команда. Ойыннан кейін қарсыластың бапкері Николай Костовпен талқылаған сәттеріміз бар. Алаң жылдам, комбанициялық, қызық ойын ойнауға кедергі келтірді. Пастар шабуылдың қарқынын бәсеңдетеді. Қос команданы кубок ойындарының басталуымен құттықтаймын. Командалар топтан шығып, жоғары межеге көз тіксін деген тілектемін.