Қазақстандық Анна Данилина голландиялық Ариан Хортономен бірге Германияда өткен ITF W100 сериялы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл турнирде Данилина мен Хортоноға финалда Анкита Райна (Үндістан) / Розали Ван Дер Хоек (Нидерланды) қарсы шықты. Кездесу үш сетте аяқталды - 6:7 (4:7), 6:4, 10:6.

Германиядағы чемпиондық атағы Данилинаның мансабындағы жұптық сайыстағы 27-ші жеңісі болды, оның 26-сында Халықаралық теннис федерациясының (ITF) қолдауымен жеңіске жетті.