Британдық журналист Сэм Стрит қазақстандық Елена Рыбакинаның “Уимблдон 2022” турниріндегі жүлдесінен Ресейде табыс салығын төлеуге мәжбүр болатынына ашуланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәскеу тумасы Рыбакина жекелей сында финалға шықты, онда ол Онс Жабермен ойнап, оны жеңіп шықты.

"Елена Рыбакина Уимблдонның әйелдер арасындағы жекелей сында финалға шыққаны үшін кем дегенде 1 миллион фунт алады.

Ол Ресейде табыс салығын төлейтіндіктен, оның бір бөлігі тікелей Владимир Путинге түседі. Финалға шығуына тыйым салынған Виктория Азаренка Ресей мен Беларуське бір пенни де жібермейтін еді", – деп жазды Стрит өзінің Twitter-дегі парақшасында.