Қазақстанның тумасы Рафаэль Физиев UFC-дің бұрынғы чемпионын жеңгені үшін ұйымнан қосымша сыйақы алды.

Физиев Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласындағы UFC Vegas 58 турнирінде бразилиялық Рафаэль Дос Аньосты бесінші раунда нокаутпен жеңді. Бұл жеңісі үшін Әзірбайжан намысын қорғап шыққан Қазақстан тумасы UFC атынан "кештің үздік өнер көрсеткен" файтеріне берілетін 50 мың доллар сыйақы алды.