Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова аралас жекпе-жекте бақ сынап көрмек, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы спортшының өзі Instagram парақшасында хабарлады.

- Достар! 2022 жылы 30 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында ALASH PRIDE FC 75 турнирінде менің ММА спортындағы дебютім өтеді. Турнирге қатысу туралы шешімді наурыз айында, Дубайда өткен EXPO 2020 халықаралық көрмесінде қазақстандық Alash Pride KZ жекпе-жек клубының президенті Данияр Қасқарауовпен кездескенімде шешкеміз. Қарсыластың есімі жақын арада белгілі болады, - деп жазды.

Айта кетейік, былтыр 11 желтоқсанында Фируза Шарипова жеңіл салмақта абсолютті әлем чемпионы ирландиялық Кэти Тейлорға қарсы жекпе-жек өткізіп, жеңліп қалды.