Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC Vegas 58 турнирінде орта дивизионның өкілдері - бразилиялық Кайо Борралло мен армениялық Армен Петросян кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үш раундтық текетірестің қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан бразилиялық спортшыға басымдық берді – 30:27, 30:27, 29:28. .

Бұл Кайо Боррало үшін 1 жеңіліспен кәсіпқой мансабындағы 12-ші жеңісі болды (UFC-де ол екі жекпе-жектің екеуінде жеңіске жетті). Петросянның кәсіби рекорды қазір 7 жеңіс және 2 жеңіліс (соның ішінде UFC-де 1 жеңіс және 1 жеңіліс)