Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакинамен телефон арқылы сөйлесіп, оны тарихи жетістігімен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Мемлекет басшысы Еленаның асқан шеберлігінің, жеңіске деген ерік-жігерінің және оның кортта өзін ұстау мәдениетінің жоғары екенін атап өтті.

Президент көрнекті спортшыны Қазақстан туы астында сәтті өнер көрсеткені және халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатқаны үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаның жарқын жеңісі Қазақстан теннисін одан әрі дамытуға, спорттың осы түріне балалардың көптеп тартылуына ықпал етеді деп санайды, – деп жазды Akorda.kz.