Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Уимблдон турнирінде топ жарған Елена Рыбакинаны құттықтады, деп жазады Prosports.kz.

Мемлекет басшысы құттықтауын Twitter парақшасында жариялады.

- Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ең беделді Уимблдон турнирінде тарихи жеңіске жетті. Спортшыны шын жүректен құттықтаймын! – деп жазды ел Президенті.