Уимблдон турнирінің әйелдер арасындағы жекелей сыны аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жабер мен әлемнің 23-ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина кездесті.

Отандасымыз бірінші сетте 3:6 есебімен жеңілгенімен, екінші сетте қарсыласын 6:2 есебімен оңай ұтты. Елена үшінші сетте де керемет өнер көрсетіп, қарсыласын 6:2 есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 51 минутқа созылды.

Осылайша, Рыбакина алғаш рет «Үлкен дулыға» додасында топ жарды. Бұған дейін бірде-бір қазақстандық теннисші мұндай белесті бағындырып көрмеген.