Қарағандылық «Шахтер» қорғаушы Тимур Досмағамбетовпен қоштасқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстандық қорғаушы Тимур Досмағамбетов тараптардың келісімі бойынша клубтан кетеді.

Тимурға командада өткізген уақыты үшін алғыс айтамыз және оған алдағы карьерасында сәттілік тілейміз», - делінген клуб хабарламасында.