Сұлтан Әбілғазы «Тұран» сапынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz

ҚКФЛ ресми сайтында «Тұран» құрамынан қорғаушы Сұлтан Әбілғазы алып тасталды. Сұлтан былтыр қостанайлық «Тобылмен» бірге чемпион атанған соң биылғы маусым басында «Тұранға» ауысқан. Әбілғазы төрт матчқа қатысып, кейінгі ойындарда алаңға шықпаған.

«Тұран» Қазақстан чемпионатында 11-орында келеді.