Түркістандық «Яссы» командасына Қырғызстан Премьер-лигасынан екі ойыншы ауысты. Бұл туралы sport.kg басылымы хабарлады.

«Кара-Балта» командасының жартылай қорғаушысы Алишер Усубалиев пен «Абдыш-Атаның» қорғаушысы Платон Шост «Яссының» ойыншысы атанды.

Айта кетейік, «Яссы» Бірінші лигада 11 турдан кейін 18 ұпаймен 5-ші орында келеді.