УЕФА-ның Ньондағы (Швейцария) штаб-пәтерінде футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу турнирінің негізгі кезеңінде 36 команда бақ сынайды, олар үш командадан 12 топқа бөлінді. Қазақстан құрамасы 5 топқа түсіп, Черногория және Словения командаларына қарсылас атанды.

Қарсыластар өз алаңында және сырт алаңда бір матч өткізеді. Топ жеңімпазы және екінші орын алған үздік төрт команда элиталық кезеңге жолдама алады.Екінші орын алған өзге сегіз құрама плей-офф кезеңіне қатысады.