Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан волейболдан 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жерлестеріміз Оңтүстік Кореядан келген құрдастарынан үш партияда ұтылды - 0:3 (14:25, 20:25, 20:25).

Топтық кезеңдегі соңғы ойынын Қазақстан құрамасы 7 шілдеде өткізеді. Қарсыласы - Тайланд құрамасы.