Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жекелей сында Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/4 финалда Рыбакина Австралия өкілі Айла Томляновичпен кездесіп, 4-6, 6-2, 6-3 есебімен жеңіске жетті.
Матч барысында Қазақстанның бірінші ракеткасы он бес эйс жасады.
Жартылай финалда Елена Рыбакина румыниялық Симона Халеппен кездеседі.
Комментарии