Сингапурда 3Х3 форматындағы баскетболдан Азия кубогының іріктеу кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан ерлер құрамасы алғашқы ойынын Папуа-Жаңа Гвинея құрамасына қарсы өткізді. Ойын 19:17 есебімен біздің спортшылардың пайдасына аяқталды.

Ұлттық құраманың келесі матчы бүгін елорда уақытымен 19:35-те Өзбекстан құрамасына қарсы өтеді.

Фото: nbfkz