Бразилиялық форвард Витао келісімшарты аяқталуына байланысты «Қайрат» сапынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайратқа» Витао 2021/22 жылғы маусымның басында ауысып келген. Алматылық клуб сапында 27 жастағы спортшы Қазақстан чемпионы, Қазақстан кубогы мен Қазақстан Суперкубогының иегері атанған.