УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңі аясындағы «Тобыл» - «Ференцварош» матчының билеттері толық сатылып кетті, деп хабарлайды prosports.kz.

Бұл туралы қостанайлық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қостанайлық «Тобыл» өз алаңында Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында венгриялық «Ференцварошқа» қарсы матч өткізеді. «Сары-жасылдардың» баспасөз қызметі барлық билет толық сатылғанын хабарлады.

«Тобыл» - «Ференцварош» матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады.