«Сибиу туры» көпкүндік веложарысы үшінші кезеңінің алғашқы жартылай кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші орынды италиялық Алеотти Джованни алды. Екінші орын «Астана» шабандозы Стефан де Бодқа бұйырды. Үздік үштікті бельгиялық Харм Ванхауке түйіндеді. «Астананың» тағы бір өкілі Хавьер Ромо бесінші болды.

«Сибиу туры». Үшінші кезең. А жартылай кезеңі. Курматура Стезии - Арена Платос (12,5 км)

  1. Алеотти Джованни (BORA - hansgrohe) 0:26:47;
  2. Стефан де Бод («Астана») +0:04;
  3. ХармВанхауке (Lotto Soudal) +0:14;

…5. Хавьер Ромо («Астана») + 0:37

Осылайша, Стефан де Бод финалдық кезең алдында жалпы есепте төртінші орында тұр. Ұзындығы 98,4 шақырым болатын екінші жартылай кезең бүгін өтеді.