Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Төртінші айналымда отандасымыз хорватиялық Петра Мартичті 7-5, 6-3 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 20 минутқа созылды.

Ширек финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы Корне — Томлянович жұбының жеңімпазымен кездеседі.