«Қайраттың» қазақстандық шабуылшысы Денис Митрофанов «Атырауға» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
20 жастағы футболшы ҚКФЛ-ның ресми сайтында «Атырау» ойыншысы ретінде тіркелген. Ол жаңа командасында 17-нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді.
Денис Митрофанов «Алтай» клубының түлегі. Туған командасы сапында 2021 жылы Бірінші лигада 11 матчқа қатысып, 2 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді.
Былтыр маусым айында «Қайратқа» ауысты. Алматылық клуб сапында 6 матчқа қатысты.
Екі айдан кейін «Қайрат-Мәскеуге» қосылып, осы күнге дейін сонда доп тепті. Аталған команда сапында 11 ойында «гол+пас» жүйесі бойынша 2+2 ұпай жинады.
Комментарии