Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 16-турындағы «Ордабасы» - «Каспий» матчы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шымкенттік команда қатарынан үш кездесуде жеңіске жетті. «Тараз», «Ақжайық» пен «Ақсудан» басым түсті. Қазір 23 ұпаймен төртінші орында тұр.

Маусымда сәтті бастаған «Каспий» 7-орынға түсіп қалды. Бірақ бүгін жеңіске жетсе, үшінші орындағы шымкенттіктерден озып кетеді.

Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады.

Ойынның тікелей трансляциясын QAZSPORT телеарнасы көрсетеді, оны мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.