Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының 15-турында «Қайрат» өз алаңында «Ақжайықты», «Ақсу» «Қызыл-Жарды» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылықтар Жозе Канте мен Жоао Паулоның соққан голдар арқасында үш ұпай қоржынға салып, алтыншы орынға көтерілді. «Ақжайық» он бесінші орында қалды.

«Ақсу» бүгін ұтқан «Қызылжарды» турнир кестесінде басып озып, оныншы орынға шықты.

«Мақтаарал» қақпасына жауапсыз төрт доп соққан «Астана» көш басына шықты. Бірақ, екінші орында тұрған «Ақтөбе» елордалықтардан бір ұпай ғана қалып тұр. Андрей Карпович шәкірттері кеше «Шахтерді» жеңіп, ҚПЛ-да қатарынан төрт ойында үш ұпайдан еншілеп отыр.