Бүгін елордада республикалық «Қазақстан барысы» турнирі басталды.

Турнир «Барыс-арена» мұз сарайында елорда уақытымен 13:00-де басталып, «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Турнир жеңімпазына 25 миллион теңге ақшалай сыйлық, алтын белбеу және алтыннан құйылған «тайтұяқ» беріледі.

Ал екінші орын иегері 5,5 миллион теңге мен күміс белбеу, қола жүлдегер 1,8 миллион теңге мен қола белбеуге қол жеткізеді.