Prosports.kz назарларыңызға футболдан ел біріншілігінің 16-туры аясында өтетін «Астана» - «Мақтаарал», «Ақсу» - «Қызылжар» және «Қайрат» - «Ақжайық» матчтарының тікелей трансляциясын ұсынады.

«Астана» еншісінде 14 матчтан кейін 24 ұпай бар. Срджан Благоевичтің командасы турнир кестесінің үшінші орнына жайғасқан. Чемпионатта көш бастап келе жатқан Ақтөбеден 2 ұпайға қалып келеді. «Мақтаарал» кестесінің ең соңғы сатысында.

Алматылық «Қайрат» 14 ойыннан кейін бар болғаны 20 ұпай еншілеп, сегізінші орында тұр. «Ақжайық» 12 ұпаймен он үшінші қатарда.

Бұл матчтардың тікелей трансляциясын QAZSPORT телеарнасы көрсетеді.

«Ақсу» мен «Қызыл-Жар» командалары арасындағы кездесуді PFLK ютуб-арнасында тамашалай аласыз.