Шайба.kz сайтына белгілі болғандай, «Торпедо» мен «Алтай-Торпедоның» бірқатар ойыншылары клуб президенті Николай Проскуринді жалақының төленбеу себебінен сотқа берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айының басында Шайба.kz өскемендік клубтың хоккейшілері мен қызметкерлері ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап жалақыларын ала алмай келетінін хабарлаған болатын.