Қазақстандық теннисші Александр Бублик Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші айналымда Қазақстанның бірінші ракеткасы америкалық Фрэнсис Тиафодан төрт сетте жеңіліп қалды - 6:3, 6:7 (1:7), 6:7 (3:7), 4:6.

Бублик АТР рейтингінде 38, Тиафо 28-орында тұр.

Қазақстандық теннисші Уимблдонда қатарынан екінші жыл үшінші айналымнан шығып қалды. Ол турнирдің төртінші айналымына шығып көрмеген.

Еске салайық, Бублик екінші айналымда серб Душан Лайовичті жеңген еді - 7:6, 6:2, 7:5.

Фото: IMAGO / Mathias Schulz / imago-images.de / Global Look Press