Бүгін Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында OCTAGON лигасының аралас жекпе-жектен кезекті турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақтағы лига чемпионы (93 келі) қазақстандық Карим Рузбакиев (7-1) өзбекстандық Камолдин Мамоджоновпен (6-2) кездеседі.

Турнирдің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де басталады. Трансляцияны OCTAGON TV арнасынан көруге болады.

Ивенттің толық файт-кардымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.