Қазақстандық теннисші Жанель Рүстемова Уимблдон жасөспірімдер турнирінің іріктеуіне жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

20 жастағы Жанель Рүстемова Уимблдон турнирінің іріктеу кезеңіне өтті. 1 шілдеде Жанель үндістандық Шрути Ахлаватпен кездеседі.

Осылайша, Қазақстан атынан үш жас теннисшісі бірінші айналымда өнер көрсетеді. Жанельден бөлек Аружан Сағандықова Софья Джонсонмен, Сандуғаш Кенжебаева Руди Куллингпен кездеседі.