Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов (18-1, 14 КО) келесі жекпе-жегінің күні мен орнын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxrec.com сайтының хабарлауынша, 30 шілдеде Ахмедов Лос-Анджелестегі (Калифорния, АҚШ) Crypto.com аренасында рингке шығады. 26 жастағы қазақстандықтың қарсыласы әзірге белгісіз.

Әли Ахмедов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында АҚШ-та өткізіп, бірінші раундта мексикалық Пол Валенсуэланы (26-11, 17 КО) нокаутқа түсірді.

Айта кетейік, боксшы орта салмақтағы WBA Super/IBF чемпионы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) командасының мүшесі және өзінің GGG Promotions промоутерлік компаниясының өкілі.