Қазақстандық теннисші Андрей Голубев украиналық Денис Молчановпен бірге Уимблдонның бірінші айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Голубев пен Молчанов испаниялық Педро Мартинес пен австралиялық Джон Патрик Смиттен 0-3, 3-6, 6-7,4-6 есебімен жеңіліп қалды.

Ойынның ұзақтығы 2 сағат 10 минутқа созылды.