Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы ел чемпионтының мамыр айында үздік голдың авторы атанған «Ақсудың» ойыншысы Ұлар Жақсыбаевты марапаттады.

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 15-турының «Ақсу» - «Шахтер» ойынының алдында павлодарлық клубтың ойыншысына аталмыш марапатты «Трактор» және «Қайрат» командаларында өнер көрсеткен, Павлодар футболының ардагері Евгений Белов табыстады.

Естеріңізге сала кетейік, «Тұран» қақпасына соғылған «Ақсу» ойыншысының голына 38,07% жанкүйер дауыс берді.

- Жеке марапаттарға ие болу әрқашан жағымды, бірақ командалық жетістіктер бәрінен де маңызды. Әдемі голдың авторы атанғаныма қуаныштымын және де ол өткен айда үздік деп танылды. Осы голдың командаға жеңіс әкелгеніне, ал жанкүйерлерге жақсы көңіл-күй сыйлағанына өте қуаныштымын, - деді Жақсыбаев.