«Астана» командасы маусымның басты жарысы – «Тур де Франс» веложарысына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир 1-24 шілде аралығында өтеді.

Команда құрамы: Самуэле Баттистелла (Италия), Фабио Феллине (Италия), Дмитрий Груздев (Қазақстан), Джо Домбровски (АҚШ), Алексей Луценко (Қазақстан), Джанни Москон (Италия), Симоне Веласко (Италия), Андрей Зейц (Қазақстан).

Спорт директорлары: Александр Шефер (Қазақстан), Бруно Ченьялта (Италия), Стефано Занини (Италия).