27 маусымда Нью-Йоркте қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегіне арналған баспасөз турының екінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы баспасөз мәслихаты үш күн бұрын Лос-Анджелесте өткен. Енді екі боксшы, олардың команда мүшелері мен промоутерлері АҚШ-тың шығысына аттанды.

Олардың кезекті рет көз арбасуы қалай өтеді? Канело қазақстандыққа тағы да тіл тигізе ме? Головкин әдеттегідей салқынқанды бола ма? Мұның бәрін Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де көре аласыздар.

Ал Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.