Қазақстандық Үндістан өкілі Пратхан Томбаремен дуэтте Сербияда жүлде қоры 25 000 АҚШ долларын құрайтын жұптық турнирде топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың финалында Жібек пен Пратхан Лейра Ромеро (Испания) / Тара Вюрт (Хорватия) кездесуі керек еді. Алайда, Тараның жарақатына байланысты кубок үшін шешуші ойын өтпей, мерзімінен бұрын жеңіс қазақ-үнді дуэтіне бұйырды.

Құламбаева осы маусымда жұптық турнирінде үшінші рет жеңіске жетті. Жалпы, теннисшіміздің жұптық сайыста 17 титулы, жекелей сында 2 жүлдесі бар.

Келесі аптада Жібек Голландияның Ден Хааг қаласында ITF W25 сериясы бойынша турнирге қатысады.