«Ордабасы» жартылай қорғаушысы Виктор Брага «Ақжайыққа» (1:0) қарсы матч туралы ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі команда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.- Бүгін бізге оңай болмады, қарсылас қорғаныста ойнап, қарымта шабуылдарда бізден айласын асырғысы келді. Әлбетте, алаң сапасынан алдағы уақытта тек жақсылықты күтеміз. Бастысы - біз жеңдік, біз өз күшімізге сендік және қиындыққа қарамастан үш ұпайды иемдендік, - деді футболшы.