Қазақстандық дзюдошы Камилла Берліқаш Ұлан-Батырда «Үлкен дулыға» сериясындағы халықаралық турнирдің қола медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz .

Үшінші орын сарапқа салынған жекпе-жекте ол моңғолиялық Номинзул Дамбарджаамен белдесті. Камилла қарсыласын иппонмен жеңді.

Бұған дейін Абиба Әбужақынова мен Дидар Хамза да турнирдің қола жүлдесін иеленген еді.

Дидар Хамза Моңғолиядағы Grand Slam турнирінің қола медалін иемденді

Қазақстандық спортшы Моңғолиядағы Grand Slam турнирінде жүлдегер атанды