Қазақстандық дзюдошы Дидар Хамза Ұлан-Батырда дзюдодан «Үлкен дулыға» сериясындағы турнирдің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz .

Шешуші белдесуде оның қарсыласы ресейлік Мансур Лорсанов болды. Ресей дзюдошы бірнеше ескерту алып, автомат түрде жеңіліс тапты.

Бұған дейін қазақстандық Абиба Әбужақынова да турнирдің қола жүлдесін иеленген еді.