Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов бір-екі жылдан кейін чемпион болатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, спортшы енді кіммен кездескісі келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz .

«Нил Магни жақсы қарсылас болды. Мен жекпе-жектерімді мерзімінен бұрын аяқтаймын, халық тез аяқтағанымды қалайды - бірақ менің уақытым бар, оны пайдаламын. Дана Уайт, мен бір-екі жылдан соң чемпион боламын. Келесі кездесу ме? Стивен Томпсон – жақсы жекпе-жек», – деді Рахмонов жекпе-жектен кейін.