Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC Vegas 57 турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақта 11 және 12-орында тұрған армениялық Арман Царукян мен поляк Матеуш Гамрот кездесті.

Жекпе-жек толық бес раундқа созылып, Матеуш Гамрот төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Матеуш Гамрот мансабындағы 21-жеңісіне жетті (UFC-дегі рекорды – 3 жеңіс және 1 жеңіліс). Ал Царукянның кәсіпқой рекорды қазір 18 жеңіс пен 3 жеңіліс (UFC-де 5 жеңіс және 2 жеңіліс).