26 маусымда Петропавл, Ақтау, Тараз, Түркістан және Ақтөбе қалаларында футболдан Қазақстан чемпионатының 15-ші турының бес кездесуі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сағат 17:00-де петропавлдық «Қызыл-Жар» мен қостанайлық «Тобыл» арасындағы кездесу басталады. Qazsport телеарнасы көрсететін матчтың трансляциясын мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Қазақстан астанасының уақыты бойынша сағат 19:00-де ақтаулық «Каспий» түркістандық «Тұранды» қабылдайды.

Ақтаудағы матчпен бір мезгілде «Тараздың» алматылық «Қайратпен» ойыны басталады. Аталмыш текетіресті мына СІЛТЕМЕ арқылы тамашалай аласыз.

Екі кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де басталады. «Мақтаарал» «Атырауды» қабылдайды.

Турдың орталық матчы «Ақтөбе» мен «Астана» арасындағы кездесу болмақ. Бұл ойында да Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.