«Манчестер Сити» командасының шабуылшысы Габриэль Жезус "Арсенал" сапына ауысуы мүмкін. Бұл туралы Mirror хабарлайды.

Дереккөздің ақпараты бойынша, негізі клубтар келісімге келген екен. "Арсенал" 25 жастағы шабуылшы үшін 52 миллион еуро төлейтін болды.

Жезус "Манчестер Сити" сапында 2016 жылдан бері өнер көрсетеді. Ол өткен маусымда 41 кездесуге қатысып, 13 гол соғып, 12 нәтижелі пас берген.