Екі салмақта UFC ұйымының чемпионы болған ирланлиялық Конор МакГрегор қайтадан шаршы алаңда америкалық боксшы Флойд Мейвезермен кездесу өткізуі мүмкін.

"МакГрегор мен Мейвезер екінші мәрте кездесу өткізу үшін келіссөз жүргізіп жатыр екен. Қалай сіздерге?", - деп жазады ресейлік журналист Игорь Лазорин өзінің телеграм арнасында.

Еске салайық, бұл екі спортшы арасындағы бірінші кездесу 2017 жылы өткен болатын. Ол кездесуде америкалық жеңіске жетті.

Аталған айқаста екі боксшы да қыруар табыс тапты. Бір ақылы трансляцияның өзін 4,3 миллион көрермен тамашалаған.